Оқушылар жетістіктері
Қ Ұ Т Т Ы Қ Т А Й М Ы З !
2021 жылы 5-7 қыркүйек аралығында Ресей Федерациясында, Мамадыш қаласында (Татарстан) 2004-2005 жылы туылған жасөспірімдер арасында өткен Әлем біріншілігінде 48 кг салмақ дәрежесінде Қазақстан Республикасы атынан Қызылорда облысы, Жаңақорған ауданы, Қожакент ауылы И.Әбдікәрімов атындағы N168 орта мектебінің 10-сынып оқушысы Атамұрат Қарақат қатысып, Жүлделі ІІІ ОРЫНДЫ еншілеп, Жеңімпаз атанып, Қола жүлдені олжалады.

Қазақстанның намысын қолдан бермеген мектебіміздің мақтанышы Атамұрат Қарақаттың жарқын жеңісі баршаңызға құтты болсын! Қарақат – біздің мақтанышымыз!
Жас спортшы қызымызды жеңісімен құттықтай отырып, оқуда, спортта алда болып, еліміздің көк байрағын әлемдік жарыстарда биіктету жолында үлкен табыстар тілейміз!
Жаттықтырушысы Қожанов Мейірханға еңбегіне толағай табыс, шәкірт тәрбиелеу жолында үлкен жетістіктер тілейміз!
Туымыз Көкте Жеңіс Тұғырымен желбірей берсін! Баршаңызға Жеңіс құтты болсын!