01
сентябрь
2021
1 - қыркүйек – Білім күні
1 - қыркүйек – Білім күні
2021-2022 оқу жылы
2021-2022 оқу жылы
Жаңақорған ауданы, Қожакент ауылы И.Әбдікәрімов атындағы № 168 орта мектебінде "1-қыркүйек – Білім күні" мерекесіне арналған КЕЛ, БАЛАЛАР, ОҚЫЛЫҚ! атты салтанатты жиыны 1-сынып оқушыларына санитарлық талаптарды сақтай отырып өткізілді.




Мерекелік шараны мектеп директоры Насирдин Турсинов ашып, салтанатты жиынға арнайы қонақ болып келген Қожакент а/о әкімі Жиенқожаев Елеу мырза оқу ордасының ұстаздарын, білім алушылары мен олардың ата-аналарын айтулы күнмен құттықтап, жаңа 2021-2022 оқу жылына сәттілік тілеп, 1-сынып оқушыларына ӘЛІППЕ оқулығын табыс етті.
Жиын соңында 1-сынып оқушылары алғашқы қоңырау үнімен, алғашқы білім сабағына шақырылып, мектеп табалдырығын аттады.


2 - 11-сынып оқушыларына сынып жетекшілері "Тәуелсіздік жетістіктері" тақырыбында сынып сағатын өтті.
Құрметті әріптестер!
Сіздерді Жаңа 2021-2022 оқужылының басталуымен құттықтай отырып, мықты денсаулық, отбастарыңызға амандық, жас ұрпақ тәрбиелеу жолындағы игі істеріңізге сәттілік, шығармашылық табыстар тілейміз!

